Хабарландыру!

11 қараша 2019 жыл

«Күз кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы»

         «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ негізінде, 10 караша күні сағат 16.00-де Жітіқара қаласында үш бала мүз астына түсіп кетті. 5 және 6 жастағы екі бала ауруханада суык тигеннен көз жүмды. Бір бала, 8 жаста, реанимацияда. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, балалардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдай жасау, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, күзгі кезеңде су айдындарында балалардың өлуіне жол бермеу мақсатында БҮЙЫРАМЫН:

1) осы жағдайды оқушылар мен ата-аналар қоғамдастығына жеткізу;

2)мектеп қабырғасында, көшеде, су айдындарында оқушыларға, мұғалімдерге катысты қауіпсіздік шараларын сактауды бакылауға алу, күзгі кезеңде балалардың өмірі мен денсаулығын сактауға бағытталған алдын алу жүмыстарын күшейту;

3) су қоймаларына жақын ықтимал қауіпті жерлерде балалардың бақылаусыз болуына жол бермеуді талап ету;

4) су қоймаларына жақын жүріс-тұрыс ережелері туралы оқушылармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізу;

5) қысқа мерзімде төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын шақыра отырып, күзгі кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелер, дәрістер, сынып сағаттары, ата-аналар жиналысын өткізу. Осы тақырып бойынша диктанттар мен шығармалар жазуды үйымдастыру;

6) оқушылардың, мұғалімдердің қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттык стендтер рәсімдеу;

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Касенова Н.Ш-ға жүктелсін.

1) мектеп ғимаратының шатырларын, карниздерін қардан, мұздан уақытылы тазарту жүмыстарын үйымдастыру. Осы жүмыстарды жүргізу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 

2) мектеп аумағында шатырларды қардан, сүңгілерден және мұздан тазарту жұмыстары жүргізілмеген жағдайында оқушылардың және мұғалімдердің кіруіне жол бермеу бойынша қажетті шаралар кабылдау;

 

Директордың әкімшілік шаруашылық жөніндегі орынбасары Карабаева Г.Б-ға жүктелсін.

  1.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

                          Директор               Сюндикова Д.Ж.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған