Қайырымдылық- жылы жүректен!

«Забота» қамқорлық акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты- тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қкалатын балаларды алдын-ала анықтап, оларға жәрдем беру.

№ 24 мектеп-гимназиясында да осы игі істі қолға алуда. Акция өкізу үшін осындай жұмыстар өткізілді: жоспар құрылды, мектеп маңайында қанша бала бар екені нақтыланды. Біздің педагогикалық ұжымымыз бұл акцияға белсене қатысуда. Аталған категориядағы балаларға ұстаздар өз қалалаулары бойынша киім –кешек әкеліп беруде.

Атап айтар болсақ, Наурузбаева Роза апай өзінің оқушысы Әйміш Әлиге жылы күрте сыйлады. Калдаманова Закира 1-сынып оқушысы Орынтай Нурмахамбетке  жылы куртка сыйлады. Нуркина Т.Ч. және ата-ана Аманжол А.1-сынып оқушылары Қарақат пен Қалимаға жылы киімдер сыйлады.Осы қайырымдылық қорының жалпы соммасы 35000 теңгені құрады.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,-дегендей қайырымдылық адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізімізді аямай, қолдан келген жәрдемді ұсынып, достық пейілдерін танытқан жомарт жандарға рахмет дегім келеді.Есіңізде болсын,барлық жақсылық,сізге қайтарылады!

       

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған