«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы туралы ақпарат. 2019-2020 оқу жылы

«Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен        ата–анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы басталды.

Әлеуметтік бағыттағы бастама бүкіл ел бойынша 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Акция шеңберінде көп балалы немесе аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке баруға қаржылай және заттай қолдау көрсетеді аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді.

Өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, қаламыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылды.

Жеке кәсіпкерлер мен қаламыздың белсенді азаматтарына үндеу хаттар жіберілді. Мектептің комиссия мүшелері және барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады.

Шілде айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балалар мен мигранттарды анықтау бойынша рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды.

Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы қала азаматтары, меценаттармен әріптестік қарым – қатынас орнатылды. Балалардың тамыз есебі алынып, деректер банкісі құрылды. Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған: мектептің педагогикалық ұжымы, «Челначок» киім дүкенінің басшысы, ЖШС «Одак» және мектебіміздің ата-аналары. Жалпы мектептің қорынан 5 оқушы 13615 теңге көлемінде оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

№24 мектеп-гимназиясының мұғалімдер ұжымы 5 оқушыны оқу құралдарымен қамтамасыз етті. «Челначок» дүкенінің меңгерушісі Л.Борисовна 1 оқушыға 22700 теңгеге мектеп формасын берді. Ата аналар тарапынан 2 оқушыны спорттық аяқ киіммен қамтыды.

Акция туралы әзірленген көрнекті ақпарат тарату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қыркүйек айының басынан көңіл көтеретін орындарды, саяжайларға түнгі мейрамханаларға және май құю стансаларына рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында мектепке келмей жүрген оқушылар анықталған жоқ. Жалпы мектеп бойынша акция кезінде әлеуметтік мәртебесі бар 13 оқушыға  148075 (жүз қырық сегіз мың жетпіс бес) теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Әлеуметтік педагог: Тукенова Г.Х.


 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған