Tамыз педагогикалық кеңесі

Ағымдағы жылғы 27 тамыз күні сағат 11.00-де қалалық балалар шығармашылығы мектебінде жыл сайынғы тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Бірінші ресми бөлім онлайн форматта болды.

Кеңесті білім бөлімінің басшысы А.Е.Ибраева ашты. Ол алдымен кеңестің барлық қатысушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, елдің дамуы мен гүлденуіндегі білімнің ерекше рөлін атап өтті.

Кеңестің екінші бөлімінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, педагогтарды Қостанай қаласы әкімі, білім басқармасы мен ҚР БҒМ Мадақтамалары және Алғыс хаттарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 

 

 

 


 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған