Мектеп жүрегі – мұғалім

Мен 4 «А» сынып оқушысы Қасенғазы Қасым №24 мектебінің қалыптасу тарихы жөнінде мектебіміздің алғашқы ұстазы Жанар Жиентаевна Ертышпаевадан сұхбат алдым.

Жанар Жиентаевнаға қойған алғашқы сұрағым:

1990 жылы Қостанай қаласында алғашқы қазақ мектебі-№24 бастауыш қазақ мектебі ашылды. Алғашқы мұғалімдердің бірі бөліп Сіз тағайындалдыңыз. Осы атаулы оқиға туралы не айтар едіңіз?

-Мен 1990 жылы Рудный педагогикалық учлищесін тәмамдадым. Осы жылы Қостанай қаласында №24 қазақ бастауыш мектебі ашылды.

 

 

Мектепке курстарстарым Қадырбаева Сауле Кайыржановна, Раушан Файзуллиновна жолдама алдық. Бұл мектеп Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің бірінші қабатында орналасқан болатын. Әрине, қаладағы ең алғаш мектеп болғандықтан бізге өте қиынға түсті. Бірақ біз бұл қиындықты жеңе білдік. Алғашында мектеп үш бірінші сынып ашылды. Өзім бірінші сыныбыма 25 оқушы қабылдадым. Әрине, сол кездегі осы мектептің ашылуы қала өмірі үшін маңызды оқиға болды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған