2021-2022 оқу жылы 1 гимназия сыныбына қабылданатын оқушылармен әңгімелесуді ұйымдастыру Ережесі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп–гимназиясы» КММ

 

2020-2021 оқу жылы  1 гимназия сыныбына қабылданатын оқушылармен

әңгімелесуді ұйымдастыру

Ережесі

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы» КММ 1 гимназиялық сыныпқа оқушыларды қабылдау Ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы   № 564 бұйрығымен (№ 305 өзгерту енгізілген 07.08.2020ж) бекітілген конкурстық комиссияның конкурстық негізінде жүзеге асырылады«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету 1 сәуірден 1 тамызға дейін.
  2. Қабылдау комиссиясының құрамына бастауыш сынып мұғалімдері, психолог, логопед кіреді.
  3. Қабылдау комиссиясы баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен мектепке дейінгі балалармен жеке әңгімелесу өткізеді.
  4. Әңгімелесуді реттеу үшін оны өткізу кестесі жасалды. Әңгімелесуге жазылу кестесі 1 сәуірден бастап 22 мамырға дейін жүргізіледі. Әңгімелесуге өтінішті ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдерінен қашықтықтан  қабылдаймыз. Өтінішті 1 сәуірден 22-ші мамырға дейін WhatsApp номеріне  87774450605 жіберіледі. Наурыздың 31-і күні мектеп сайтынан өтініш үлгісін ала алады.

 

Әңгімелесуге өтініш беру уақыты: дүйсенбі – жұма күндері 09: 00-ден 18: 00-ге дейін (13:00 -14:00 – түскі үзіліс)сенбі, жексенбі-демалыс                                 

 

Тапсыратын құжаттар тізімі түгел болған жағдайда қабылданады. (Барлық құжаттар және өтініш сканерленген болуы керек):

  1. Ата-ана тарапынан өтініш;
  2. Денсаулық жағдайы туралы анықтама  (№063/у нысаны-профилактикалық  екпелер картасы және «Баланың денсаулық  паспорты» № 026/у-3 нысаны;
  3. 3*4 фотосурет–2 дана

 

2020 -2021 оқу жылына 1 гимназиялық сыныпқа  қабылдау үшін әңгімелесу 2021 жылғы 26-28 мамыр аралығында өтеді. Құжаттарды қабылдағаннан кейін гимназия сыныбына өткізілетін әңгімелесудің күні мен уақытын сіздерге WhatsApp (мына номермен  87774450605) арқылы хабарлаймыз. 

Қабылдау кезінде тілдің даму деңгейін анықтайтын тапсырмаларды орындау сапасы, математикалық іскерліктері және мектепте оқуға психологиялық, логопедиялық  дайындық деңгейі  ескеріледі.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тапсырмалар сапасының ең көп пайызын көрсеткен балалар тізімі жасалады. Гимназияға конкурстық іріктеуден сәтті өткен балалардың тізімімен ата-аналар 2021 жылы 1 маусымда №24 мектеп-гимназиясының сайтында (http://gymnasium24.kz) және №24 мектеп-гимназия ғимаратының кіре берісінде орналасқан  ақпараттық стендте таныса алады.

2021 жылғы 2 маусымда сағат 10:00-де «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру және «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ білім беру қызметін көрсету шартын жасасу мақсатында конкурстық іріктеуден табысты өткен балалардың ата-аналарына арналған жиналыс өткізіледі.

«SAKURA: Электрондық мектеп» бағдарламалық модулі арқылы электрондық форматта берілген өтініші әңгімелесуден өтпей қалған жағдайда, гимназияға қабылдау үшін негіз болып табылмайды.


 

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған