Міржақып Дулатов адалдық, тәрбие және теңдік туралы не жазды?

Міржақып Дулатов адалдық, тәрбие және теңдік туралы не жазды? Осы және басқа да сұрақтар оқушылар мен студенттер «Адалдық сағаты» республикалық акциясы кезінде талқылады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ұлт ұландары» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сабағы өткізілді.

Адалдық сағаты қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы, «Алаш» партиясының мүшесі, ұлы тұлға Міржақып Дулатовқа арналған.

Оның «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы және «Бақытсыз Жамал» романы көрнекті әдеби шығармашылық және халықтың даналығы мен ізгілік үлгілері ретінде оқырманның жадында мәңгі сақталады.

Жыл сайын Қазақстанның жазушылар Одағымен Міржақып Дулатов атындағы әдеби сыйлықақы беріледі, ал туындылары көптеген ұрпақ үшін адами құндылықтардың үлгісі ретінде қызмет етеді. Бүгінгі күні біздің облыстық және республикалық маңызы бар қалаларымыздың негізгі көшелеріне оның есімін иеленсе, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында студенттер арасында жыл сайын Дулатов оқуларын өтеді.

Міржақып Дулатовтың өмірбаяны шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.

Осы ұлы тұлғаның өмірбаяны мен творчествалық жолы туралы  онлайн «Адалдық сағаты» барысында қазақстандық жастардға айтылды.

 

Бейне оқулыққа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=liKL5U_VtIo