Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп – гимназиясы» КММ
«Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қызметтерді дамыту» жобасын жүзеге асыру
барысында ұйымдастырылатын онкүндік іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат
Қалалық білім бөлімінің № 6289 ақпараттық хаты негізінде 7-14 қазан аралығында «Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қызметтерді дамыту» жобасын жүзеге асыру барысында ұйымдастырылатын онкүндік іс-шаралар жоспары бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 1 – 4 сыныптарға арналған «Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды», «Біз әр түрліміз – Біз біргеміз!», «Мейірімділік деген не?», «Мейірімділік сабағы», «Өзіңді жақсылықпен таразыла» атты сынып сағаттары, тәрбие сағаттары өткізілді. Толеранттық ұғымын кеңейту, айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету. Жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу. Ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру. Ұжымдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Балалар мен жасөспірімдерде мүгедектігі бар адамдарға толерантты қарым – қатынасты қалыптастыру мақсатында сынып сағаты барысында «Мейірімділік деген не? Мейірімділікке байланысты қандай мысалдар келтіре аласыздар?» «Мүгедек адамдарға қандай көмек көрсете аласың?» деген сұрақтар қойылып оқушылар өз жауаптарымен бөлісті. Пікір алмасты. Ой бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды, сабаққа деген ынталарының жоғары екенін көрсетті. Әр оқушы балалар мен жасөспірімдерде мүгедектігі бар адамдарға әрқашан сыйластық құрмет таныту керектігін түсінді. Бейне материалдар және «Менің виртуалды әлемім», «Өзіңді таны» атты психологиялық тренингтер жүргізілді.
Онкүндік барысында атқарылған іс-шаралар мектеп сайтында және мектептің инстаграмм парақшасында күнделікті жарияланып отырылды.