Жалпы облыстық ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Балалар. Жеке кеңістік. Қауіпсіздік.
Мақсаты: балалардың жеке кеңістігі және қауіпсіздік ережелері жайлы ата-аналарды ақпараттандыру;
Міндеттері:
Ата-аналарды «жеке кеңістік» деген түсініктермен таныстыру;
Баланың жеке кеңістігі, отбасында баланың жеке кеңістігін сақтау, басқа адамдардың жеке кеңістігіне құрметпен қарауды тәрбиелеу.
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
Кеңістік |
Құқық бұзушылық мысалдары |
Физикалық |
Физикалық жаза қолдану, жегісі келмейтін тамақты жеуге, кигісі келмейтін киімді киюге мәжбүрлеу, бала қаламаса да, сүюге немесе құшақтауға мәжбүрлеу, ұйықтауға кедергі жасау немесе ұйықтауға мәжбүрлеу |
Кеңістіктік |
«өрмелеме, жүгірме» немесе баланың бөлмесіне рұқсатсыз кіру, жуынатын бөлмеге немесе әжетханаға кіру, телефонды, компьютерді, қалталарын тексеру |
Меншік құқығы |
Балалар ойыншықтарын алу немесе беру, баланың рұқсатынсыз жеке заттарын тастау, затты қалай пайдалануды бұйыру |
Эмоционалды |
Бәрін айтуға, тыңдағысы келмейтін нәрсені тыңдауға мәжбүрлеу, оның сезімдерін елемеу және құнсыздандыру («ашуланба», «жылама», «қыңқылдама»), дауыс көтеру, қорлау, бала үшін үйірме таңдау |
Мезгілдік |
Кешігу, жоспарды тез арада ауыстыру және оның орындалуын талап ету, тек сіздің жоспарыңызбен жүруді талап ету: «біріншіден сабағыңды міндетті түрде орында». |
- Сенім шеңбері
- Ата-аналар, жақын туыстары (әжелері, аталары, ағалары, апалары, немере ағалары мен апалары)
- Тәрбиешілер, мұғалімдер, жаттықтырушылар, ата-анасының достары, балалардың достары
- Көршілер, дәрігерлер, таныс адамдар, сатушылар және т.б.
- Бөгде адамдар (олармен сөйлесуге болмайды. Ешқандай жағдайда олардан сыйлықтар қабылдамау, егер көмек сұраса, бас тарту керек).
Ата-аналарға арналған ұсынымдар
Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады:
- балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;
- егер балада жақын тұрған адамға қатысты күмән пайда болса, бұл адамнан аулақ кету және бұл адамды алға өткізу керек;
- өзінің сырларын бөлісе алатындай бала үшін дос болу;
- таныстар, туыстар тарапынан оған қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы әңгімені байыпты қабылдау;
- балалардың достарымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату;
- баланы жалғыз көшеге жібермеу (бала достарымен бірге жүргенде, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді);
- және баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау керек, сіздің балаңыз желіде кіммен байланысатыны туралы хабардар болу керек.
- Сіздің балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте тәрбиешімен, мұғалімдермен, психологпен байланыс орнатыңыз.
Ата-аналар есте сақтауы қажет!
- Балаңызды құрметтеңіз, басқалардың баланы өз еркіне қарсы бірдеңе жасауға мәжбүрлеуіне жол бермеңіз және өзіңіз жасамаңыз.
- Егер сіз көршілердің баласы зорлық-зомбылыққа, ата-аналардың ұрып-соғуына ұшырайтынын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз.
- Егер сіз баланың мінез-құлқындағы оғаштықты байқасаңыз, онымен не мазалайтыны туралы сөйлесіңіз. Ұл баламен тек әкесі сөйлескен дұрыс.
Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?
1. Ең алдымен, баланың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін есте ұстаған жөн!
2. Кез-келген бала полицияға, прокуратураға, Бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіне алады.
- 37-08-58, 8-708-087-42-01 – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ фронт-офисі жанында тегін және анонимдік негізде жұмыс істейтін сенім телефоны.
- 8 (7142) 226532 – Психологиялық көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталығы, тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық көмек құпиялылықты сақтайды.
- Короткий номер «150» – Қостанай облысы бойынша тәулік бойы, анонимдік білікті көмек, қоңырау шалу тегін.
- 8 (7172) 742528 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
- Единый call-центр «111» – Қазақстан Республикасындағы тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны, қоңырау шалу тегін. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетеді.
Күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!
- Әрбір оқушы каникул кезінде өзін-өзі ұстау туралы тәртіп ережесін міндетті түрде білу керек.
- Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.
- Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электр құралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды.
- Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды.
- Міндетті түрде ЖЖЕ сақтау қажет! Жолдан дұрыс өту.