«Кітапқұмар мектебі» бойынша он күндік аясында әдебиет әлеміне саяхат» атты апталық іс-шаралар өткізілген болатын. Әры ауылдың тарихы, жас ақындар, ең үздік қабырға газет, сахналық қойылым, » Асыл сөз аталары» эссе жазу, латын әліпбиі мен диктант жазу секілді жұмыстар жүргізілді. Үздік,белсене атсалысқан оқушылар мен сыныптар марапатталды.
«Рухани жаңғыру» аясында » Кітапқұмар мектебі» жобасы аясында апталық өткен болатын. Апталықтың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын жетілдіру, инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.» Менің кітабым» викторинасы, » Ең үздік оқырман» кітапханадағы формулярлар байқауы, «Бір кітап – бір әлем» пікірталас алаңы (М. Әуезовтың » Көксерек» шығармасы бойынша) 4 сыныптар,(Жиһанкез Тити шығармасы бойынша) 3 сыныптар. «Үш тұғырлы тіл» ағылшын тіліндегі шығармалардың таныстырылымы 4 сыныптар арасында өтті. » Кел, балалар, оқылық» зияткерлік ойыны.