«Мейірімділік мекені» іс-шарасы

«Қазақстан – мейірімділік мекені» Республикалық балалар бастамасы қаңтар  айына жоспарланған іс – шаралар өткізілген болатын. Менің жүрегімдегі мейірімділік» тақырыбында 21.01-25.01.19 күндері суреттер көрмесі өтілді. Жетекші Рабаева Б.Х. онда оқушылар мейірімділік дегеніміз  не? Мейірімділікті қалай көрсету керек деген сауалдарға сурет арқылы жеткізді.  «Қазақстан – мейірімділік мекені» тақырыбында  4- сыныптар арасында эссе байқауы өткізілді. Шығармада Қазақстанның 130-дан астам ұлт өкілдері   тату-тәтті тұратының  және мемлекетімізде қандай игі істер жасалып жатқаны туралы мысал келтіріп жазған. Ең үздік шығармалар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 

     

 


«Сарқыт» қайырымдылық акциясын өткізуге жөніндегі іс-шаралар жоспары

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың тамаққа ұқыпты қарауын тәрбиелеуге, қазақ халқының дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған.

Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2019 жылға арналған қайырымдылық шарасы өтілуде.                                                                                            «Сарқыт»  яғни мақсаты: Өскелең ұрпақтың тамаққа ұқыпты қарауын тәрбиелеуге, қазақ  халқының  дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған. 1-4 сынып оқушылары тәлім сәтінде тамақты қадірли білуге, ысырап жасамауға шақырды. Сейсенбі  күнгі өткізілген тақырыптық «Сарқыт» акциясына төмендегідей 2 минуттық  тапсырмалар берілді.

 


«Тәрбие және білім бағдарламасының «жаңғыру» аясында «Отаным –тағдырым» іс-шарасы


«Тәрбие  және  білім бағдарламасының «Рухани жаңғыру» аясында «Отаным –тағдырым» іс-шарасының   жоспары бойынша «Қазақ  тұлпары» асыл тұқымды  жылқылар өсіретін  зауытына 3- сынып оқушылары  саяхат жасап қайтты.

   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған