Педагогтарды аттестаттау ережесіндегі өзгерістер

2023 жылдың 24 қарашасында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Серикбаева Р.Н. №24 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымын педагогтарды аттестаттау ережесіндегі өзгерістермен таныстырды.

Жаңа ереже бойынша бірінші кезеңде педагогтердің білімін бағалау болса, екінші кезеңде қызмет нәтижелерін кешенді жалпылау өтеді. Мұғалімдер өз пәні бойынша ғана ПББ тапсырады. Эссе жазылмайды.
Сонымен қатар педагог – модератор, педагог – сарапшы, педагог – зерттеуші, педагог – шебер талаптар кеңінен талқыланды. Педагог қызметінің бағалау критерийлері мен тиімділік көрсеткіштеріне нақты түсінік берілді.