Ата-аналар үшін психологиялық ұсыныстар

Бір-біріңізді түсіну үшін баламен қалай сөйлесу керек?

 

  1. Уақытты дұрыс таңдаңыз. Бала кешқұрым уақытта демалып немесе сүйікті ісімен айналысып жатқанда, салмақты әңгімені бастау қажет емес.

 

  1. Тек қана нақты мәселе туралы айтыңыз. Баланың бұрыңғы және алдағы уақыттағы жаман қылықтарын еске түсіру керек емес. Ол сіздердің қарым-қатынастарыңызды одан сайын қиындатуы мүмкін.

 

  1. Мына сөздерден аулақ болыңыз:«сен қашанда» немесе «сен ешқашан» – бұл сіз шешейін деп жүрген мәселені, одан сайын қиындатады.

 

  1. Өзіңіздің қолыңызды жеткізу үшін, балаңыздың мәртебесін төмендетуді әдетке айналдырмаңыз.«Мен үлкенмін, менің тәжірибем бар» деген сөздер баланы сөйлетпеуге мәжбүрлейді, бірақ онымен мәселені шеше алмайсыз. Ақылдылықпен шешуге талпыныңыз.

 

  1. Тыңдаңыз, бала не айтады. Сәт сайын сіз балаңызды тыңдап отырғанда, оның ойы мен пікіріне құлақ асатыныңызды бет бейнеңізден көрсетуіңіз керек.

 

  1. Артық сөздерді қолданбау. «Қырсық», «жалқау», «жауапкершіліксіз», «тілазар» деген артық сөздерді қолданғанда, сіз балаға түкке тұрғысыз екендігін байқатып қаласыз. Және де осындай сөздерді естіп өскен бала, шынынды да болашақта сіз айтқандай болуы мүмкін.

 

  1. Болашақты алдын ала жорамалдамаңыз. «Сен ешқашан өзгермейсің», «осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады» және т.б. Осындай сөздер тек қана қиын мәселелерге көңілді аудартады.

 

  1. Келеке етуді доғару қажет. «Сен сондай кереметсің…», деп кекесінмен айтқан сөз арқылы сіз баланы – ақымақ етіп көрсетіп бересіз және бұл үшін жауапты емес екеніңізді байқатып қаласыз.

 

  1. Қайғы шегушінің рөлін ойнамастан бұрын, жақсылап ойланыңыз. Егер бала түзелмесе, ең қатал нұсқа – ауру немесе өзінің өлімімен қорқыту. Бұл баланы манипулировать ету.

 

  1. Ақша – ол дәлел емес. «Өзің ақша тапқан кезде ғана, өз пікіріңді айта аласың». Сіздер баланың тұлғасын қадірлеуге міндеттісіздер, оның өзіне шешім қабылдауына, көз-қарасын айтуына мүмкіндік беріңіздер. Бұл жерде ақшаның ешқандай қатысы жоқ!

 

  1. Өзіңіздің тәртібіңізге көңіл аударыңыз.Сіз балаңызды темекі шегіп тұрған жерінен ұстап алып, түсіндіруін талап еттіңіз, бірақ өзіңізде осы жаман әдетті қолданасыз. Баладан бір нәрсені талап етпестен бұрын, ойланыңыз, ал өзіңіз осы талапқа сайсыз ба?

 

Есіңізге сақтаңыз! Қарым-қатынас кезінде бала сізге теріс эмоцияларын көрсетсе – бұл сізге деген сыйластық пен жақсы көруді ұмытты деген сөз емес! Қателеспеңіз және балаңызға, жақындарыңызға деген ыстық ықыласыңызды сақтаңыз.

 

 

Балалар агрессиясын алдын алу бойынша ата-аналарға жадынама

  1. Отбасыңызда сенім мен ашық болу атмосферасын ұстауға тырысыңыз.
  2. Балаңызға орындалмайтын уәделерді бермеңіз.
  3. Балаңызға талап қоймаңыз.
  4. Өзіңіздің әрекетіңіз үшін баланы жазаламаңыз.
  5. Қарым-қатынасыңызбен баланы қорқытпаңыз.
  6. Балаңызбен өз сезімдерінізді бөлісуге қорықпаңыз.
  7. Балаңызбен қарым-қатынасыңыз оның жетістіктерімен байланысты болмасын.

 

  • Балада агрессивті мінез-құлық пайда болады:
  • Баланы ұрғанда;
  • Баланы мазақ қылғанда;
  • Балаға ата-аналары өтірік айтқанда;
  • Ата-аналар ішімдікке салынңанда;
  • Ата-аналар балаларың бңрдей жақсы көре алмағанда;
  • Балаған сенбегенде;
  • Балаға шектен тыс қамқорлық көрсеткенде;
  • Балаға достарымен араласуға мүмкіндік бермегенде;
  • Ата-ана өмірінде балаға орын болмағанда;
  • Бала өзін басқалардың жақсы көрмейтіндігін сезгенде:

 

Егер бала агрессивті болса……..

  • Баланы бар болмысымен қабылдап, жақсы көріңіз.
  • Бала үлкендерге еліктейтінін ұмытпаңыз. Сондықтан баланың айналсындағы жақын адамдар агрессивті мінез-құлық көрсетпеуі керек.
  • Балаға талап қояр алдында, өз қажеттілігіңізді емес, баланың мүмкіндігін есепке алыңыз.
  • Баланың қызығушылығын басқаға аудара отырып, дау-жанжалды басыңыз.
  • Балаға үлкендермен және құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретіңіз.
  • Баланың дүниетанымын кеңейтіңіз.
  • Балаңызды бірлескен іс-әрекетке қосыңыз.
  • Баланың жеңіл агрессивті қылықтарын елемеуге тырысыңыз.

 

Агрессивті мінез-құлықпен күресу үшін қажет:

  • Шыдамдылық.
  • Түсіндіру.
  • Назарын ауыстыру, көңілін басқа нәрсеге аудару.
  • Асықпаңыз.
  • Мадақтаулар.

 

 

Өз бетінше оқуға тәрбиелеу.

 

Ата-аналарға кеңестер:

  1. Күндерді санау бұл шешім емес. Балаға мектепке бару не үшін қажет екенін дұрыстап түсіңдіріңіз. Ертегі ойлап табыңыз. Оқу мен білімнің маңыздылығы туралы. Қиялға ерік беріңіз, сіздің қолыңыздан келеді.
  1. Қызыл шеңбер баланың өзі жасай алатын әрекеттер, ал сыртындағы бала үлкендердің көмегімен  бірге жасай алатын істер.

 

 

Болашақта бала анасымен бірге жасаған істерді, өзі жасайтын болады. Бірге жасау аймағы- бала үшін алтын қормен тең. Бала белсенді түрде дамиды, өзін сенімді болады.  «Біз» емес, «сен» жасадың деп айту маңызды. Сенің қолынан келді.

 

  1. Ата-ананың баланың жанында үнемі болуы, әрекетіне араласу, шектен тыс қамқорлық көрсету-баланың «шеңберден» шығармай тастайды, осыдан кейін балада үнемі ата-анасының жанында болу қажеттілігі туындайды. Кейін бұл мектепке барғысы келмеуді тудырады.

 

  1. «Ата-ана- бала» ұстанымынан шығуға тырысыңыз. Басқару сөздері кейде қажет болуы мүмкін, тек баламен бірге іс-әрекетте емес. Тең болуға тырысыңыз. Бала үшін сіздің тыңдағаныңыз, сөйлескеніңіз, жауап бергеніңіз өте маңызды, сонда ғана оған сыныптастарымен араласуда қиындық туындамайды.

 

Ата-ана не істей алады?

  1. Баланың қателесуге құқығы бар екенін мойындау. Қателік жасаудан қорықпауға үйрету.
  2. Баланы сәтсіздіктерде тек қана сыртқы жағдайлардан( мектеп, ашулы мұғалім, нашар сыныптастар) себебін іздеуге емес, сонымен қатар өзінен де іздеуге үйретіңіз.
  3. Баланың өз-өзіне деген сенімділігіне қолдау көрсетіңіз. Барлық қиындыұтарды жеңе алатынын және сізге сенім артуына болатындығын түсіндіріңіз.
  4. Баланың мүмкіндіктерін дұрыс жоспарлауға көмектесіңіз: көп жұмыс жасауын талап етпеңіз және оқуға деген жеңіл қарым-қатынасын жеңіл болмауын қадағалаңыз.
  5. Балаға көбірек көңіл бөліңіз, көбірек сөйлесіңіз.
  6. Баладан үнемі жоғары жетістіктерді күтпеңіз.
  7. Балада ұстазымен және сыныптастарымен қарым-ұатынаста қиындық туындағанда көмектесіңіз.


Баламен қарым-қатынаста маңызды:

  • Балаға оны қалай бар солай жақсы көретініңізді көрсету маңызды, жақсы көру оның жетістіктері үшін емес.
  • Балаға ешқашан басқалардан жаман екенін айтпау.
  • Баланың барлық сұрақтарына шыдамдылықпен жауап беруге тырысыңыз.
  • Баламен бірге болуға уақыт табуға тырысыңыз.
  • Балаңызбен мақтанатыныңызды үнемі айтып отырыңыз.
  • Балаға емес, іс-әрекеттеріне баға беріңіз.
  • Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
  • Кейде өзіңізді балаңыздың орнына қойып көріңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған