Қазақ тілі бойынша 2-4 сынып оқушыларына арналған «Білгіштер» зияткерлік-танымдық ойынының қалалық 1 кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

2023 жылдың 19 қазанында «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» КММ базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Білгіштер» қалалық ойынының 1 кезеңін өткізді.
Ойынның мақсаты-қазақ тілін үйренуге деген ынталарын арттыру, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық-зияткерлік жұмысын жандандыруға жағдай жасау.

 1 кезеңнің лигалар қорытындысы бойынша, ең көп ұпай жинаған командалар:
1 лига – № 21 жалпы білім беретін мектебі
2 лига – № 19 жалпы білім беретін мектебі
3 лига – № 24 мектеп-гимназиясы иеленді.
Құттықтаймыз!