«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған өлкенің мәдени мұраларымен танысу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, оқушыларды туған өлкенің мәдени мұраларымен танысу барасында, қыркүйек айының 19 –жұлдызы күні №24 мектеп-гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушылары, сынып жетекшісімен бірге Қостанай обылысы «Сарыарқа Агро машина» жасау орталығына саяхатқа апарылды.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық. Сол себепті оқушылар өнер-кәсіп орындарымен таныса отырып, өздерінің болашақтарын айқындады. Саяхат барысында оқушылар машина заводының жұмыстарына қанықты, өздері қызыққан сұрақтар қойып,завод жұмысшыларының атқаратын қызметтерін тамашалады. Қазіргі дамыған заманда машина құрастыру, оның технологиялары роботтардың іске қосылуы сияқты атқарылып жатқан қызметтерге куә болды. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Балалар өз ойларын осылай тұжырымдады.

Саяхат ұйымдастыруға   ата-аналар  мен мектеп басшылығы көмектесті.

      

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған