Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді дамудың жаңа кезеңіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізілетінін айтты. «Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның  тұңғыш  президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады»,-деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Ал әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі туралы сөзінде Президент әлеуметтік мәселелерді шешуге баса назар аударды.
Айталық, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырған Президент тапсырмасы мектебіміздің Дарынды балалар бағдарламасымен үндесіп жатыр.Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруына мүмкіндік жасаса, жас ұрпағымыздың рухани дамуына зор үлесін қосады деген ойдамыз.

Білім беру саласының тағы бір өзекті мәселесі –  оқулық сапасының төмендігі мәселесі Жолдауда дұрыс көтеріліп отыр. Баланың жас ерекшелігіне сай, бірізділігі, біртұтастығы сақталған оқулықтар бір орталықтан қатаң тексеруден өткеннен кейін мектептерге сапалы оқулықтар  жіберілуі қажет деп ойлаймыз.  Оқулықтар мазмұнының жыл сайын өзгере беруі білім беру саласына теріс ықпалын тигізеді.

Президент Қасым- Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамыту үшін мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайы жақсаруы керектігіне тоқталды. Бұл  білім беру саласы қызметкерлерінің оң бағасына ие болып отыр. Себебі әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мұғалімдер көп жүктеме алатындықтан  еңбек өнімділігі төмендейді.

Бала құқығын  қорғау да өзекті мәселе болып отыр. Біздің мектеп-гимназиямызда мүгедек бала оқитындықтан осындай бала тәрбиелеп отырған отбасыларға баса назар аудару қажеттілігі туралы айтқан Президент сөзіне толықтай қосыламыз. Сонымен қатар ұлтымыздың денсаулығын нығайту да басты назарда болатыны қуантады. Себебі мектеп қабырғасында еңбек етіп жатқан ұстаздар қауымының өз денсаулығына көңіл бөлуіне уақыты жоқ.

«Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін» деген Президент сөзі еліміздің жарқын болашаққа деген  сенімін арттырады.

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған