“STEM” орталығының ұйымдастыруымен “STEM QUEST” зияткерлік сайысы 

4 сыныптар арасында өткізілген болатын. Оқушылар 5 топқа бөлініп, 5 станцияға тоқталып, 15 минут ішінде әр түрлі тапсырмаларды орындады. Оқушылар логикалық, инженерия құрастыру, физика, химияға қатысты тапсырмаларды қызығушылықпен орындаған болатын. Нәтижесінде барлық оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталып,шағын сыйлықтар иеленді. “Бірлік”,”Тапқыр” номинациялары мен қатар орындар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


КҮЗ МЕРЕКЕСІ!

«Күз берекем- күз мерекем» атты апталық өтті. Суреттер көрмесі мен қабырға газеттер шығару, «Күз композициясы» қолөнер бұйымдарының көрмесі мен «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты

4 сыныптар арасында сайыс өткізіліді.

        


 

11 қазан – халықаралық қыздар  күні

11 қазан – халықаралық қыздар  күні болып бекітілген болатын. Халықаралық қыздар  күнінің мақсаты – әлем бойынша қыздардың құқын таптауға байланысты мәсеселерде алдын алу болып табылады. Бұл күні мемлекеттер аталған тақырыпта түрлі іс-шаралар өткізеді. Біздің мектепте 4 сынып қыз балалар мен дөңгелек үстел аясында дискусия ,тазалық, өз құқықтары т.б туралы түрлі әңгімелер өткізілген болатын.

   


Тұңғыш Президент күні!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні аталып өтілді. Тәлім сәті өткізіліп, әр сынып Тұңғыш Президент жайлы мәліметтер жинап, бар білетіндерін ортаға салды.

   

   


16 ЖЕЛТОҚСАН

Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде апталық өткізілген болатын. Әр сынып Тәуелсіздік күніне тарту жасап ұстаздар мен ата-аналарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына Жас қырандықтарды қабылдадық.

 

    

   

   


ЖАҢА ЖЫЛ мерекесі!

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен «Мың бір түн» хикаясы қойылымы қойылды.

    


Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2019 жылға арналған қайырымдылық шарасы өтілуде. «Сарқыт»  яғни мақсаты: Өскелең ұрпақтың тамаққа ұқыпты қарауын тәрбиелеуге,қазақ халқының дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған. 1-4 сынып оқушылары тәлім сәтінде тамақты қадірли білуге, ысырап жасамауға шақырды. Сейсенбі  күнгі өткізілген тақырыптық  «Сарқыт» акциясына төмендегідей  2 минуттық  тапсырмалар берілді.

  1. 1 А- Нанның қалай келді
  2. 1 Ә-Нанды қадірлеу
  3. 1Б-Нан туралы тақпақ
  4. 1в-Нан туралы мысал
  5. 1Г-нан туралы мақал
  6. 4 А- Соғым
  7. 4 Ә-Сарқыт
  8. 4Б-Қуырдақ
  9. 4 В-Сүр ет
  10. 2А- Обал деген не?
  11. 2 Ә-Обал туралы мақалдар
  12. 2Б-Обалдық туралы мысал т.т.
  13. 2В- Сауап деген не?
  14. 3 А-Асханада отыру мәдениеті
  15. 3 Ә- Дәмханада отыру мәдениеті
  16. 3Б-Қонақта баланың дастархан басында отыру мәдениеті
  17. 3 В- тамақ, ас туралы тақпақ

            

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған