8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні!

8-наурыз Халықаралық аналар мерекесіне арнап  бастауыш сыныптар өздерінің тәрбиелік шараларын өткізді. 6-наурыз күні 1-2 сыныптарда өткізген «Ардақтайық ананы» және «Менің анам» атты тәрбие сағаттарында оқушылар ән мен биден шашу шашты. Оқушылар әнді нақышына келтіре орындағанына және биді әдемі билегеніне ата-аналар риза болып, алғыстарын жаудырды.
Ал, 7-наурыз күні бастауыш сыныптар арасында өткен әжелерімізге аналарымызға, қыздарымызға арналған тәрбие сағаты да өз мәнінде өтті. Оқушыларда бұл мерекелік шарада үлкен жауапкершілікті сезініп, дайындалған оқушыларымыз ана туралы әндерді нақышына келтіре орындап, биді де әсем биледі. Аналар жайлы, көктем мезгілі жайлы көріністер слайдпен көрсетіліп отырды. Ата-аналармен ойындар ойнатылып, өте қызықты мереке өтті. Ата-аналарда өз ризашылықтарын білдіріп, сынып жетекшілеріне алғыс айтты. Әрине, мұның бәрі сынып жетекшілердің еңбегі, еңбегінің нәтижелі болғаны деп білемін.

Тәрбие жетекшілер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған