Президент шыршасы

24 желтоқсан күні  Қостанайда ҚР Президентінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға облыстың аудан, қалаларынан, барлығы 200 бала қатысты. Президент шыршасына қатысқан балалар шетінен үлгілі, өнерлі оқушылар. Олар оқуда озат, спорт пен шығармашылық салаларында табыстарға қол жеткізген дарынды шәкірттер.

№24 мектеп-гимназиясынан Мухамбетсалыкова Саида қатысты. Саида аз қамтылған, көпбалалы отбасының баласы. Өнерлі, талантты оқушы. «Тоғызқұмалақ» ойынының облыстық, республикалық  бірнеше дүркін жүлдегері.

Шырша тойы Жастар сарайында болды. Олар теледидар арқылы Президенттің құттықтауын тыңдап, Елбасыға алғыс айтты. Шыршадан соң балалар орыс драма театрына барып, жаңа жылдық қойылым тамашалады, сыйлықтарын алды. Сыйлыққа самсунг -5 смартфонын, А.Құнабаевтың кітабын және тәтті сыйлықтар алды. Мерекелік түскі асты балалар «Поместье» ресторанынан ішті. Шырша балалардың естерінде қалатындай көңілді болды.

        


Қала әкімінің шыршасы

Олар еліміздің ертеңі. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары  жылдағы дәстүр бойынша Қостанай қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасында бас қосты. Өрендерді шаһар басшысы құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетулерін тіледі.                       Дарындыларды дәріптейтін дәстүрлі шара. Жыл бойы үздік екендерін дәлелдеген   оқушылар әкім шыршасында бас қосты. Олар тек білімімен емес, өнерімен және спорттағы жетістіктерімен көзге түскен. Сән-салтанатқа толы  мерекенің  қонақтары алдымен облыс орталығының үздік өнер ұжымдары ұсынған театрландырылған бағдарламаны тамашалады. Кейін танымдық қойылымның көрермендерін Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алып, ойын-сауық әсем шыршаның маңында жалғасты. Жеткіншектерді мерекелерімен қала әкімі Қайрат Ахметов  құттықтады.

№24 мектеп –гимназиясынан 6 оқушы  қатысты. Олар: Аханова Нурай, Султамуратова Сандуғаш, Жанбырбаев Альжан, Жандарбеков Бахтияр, Әйміш Әли, Егизбаева Айдана.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары үшін қысқы демалыстағы  «Жақсылық жасау күні»

06.01.2020 ж. күні балалар үшін  «Жақсылық жасау күні болды».  Бұл шараға әлеуметтік осал топ отбасы балалары қатысты.Ең бірінші балалар «Сантабус» отбасылық фестифаліне қатысты. Онда оқушылар арнайы безендірілген автобуспен қала ішін аралап, орталықтағы шыршаға барды.

Содан кейін мұз айдынына барып,коньки тепті. Ыстық шай тәттілермен берілді балаларға. Мереке соңында балаларға сыйлықтар берілді. «Лагуна»аквапаркіне, «Тутокруто», «Фанки Таун» ойын-сауық орталықтарына барды. Бұл күн балалар үшін өте қызықты,әсерлі болды. Балалар сондай көңілді болды,және тағы болса баратындарын айтты.

                           


 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған