Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын,  күрделі мәселeлерді терең өте дәл жеткізетін қысқа қайырымды даналық сөздер.

Даналық сөздер

  • «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды»;
  • «Аға әдепті болса, іні әдепті. Апа әдепті болса, сіңлі әдепті»;
  • «Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың»;
  • «Әдепті жігіт өсірсе, ауылдың абыройы»;
  • «Жібек мінезді қыз жұртқа жағады»;
  • «Қызым үйде, қылығы түзде»;
  • «Егін өнбесе қайғы — бір жылдық, балаң оңбаса қайғы — ғұмырлық»;
  • «Әкені көріп ұл өсер, ананы көріп қыз өсер»;
  • «Бала тәрбиесі – бесіктен»;
  • «Жақсы қыз жағадағы құндыз, жақсы жігіт көктегі жұлдыз.
  • «Атадан жақсы ұл туса есіктегі басын төрге сүйрер.
  • Атадан жаман ұл туса төрдегі басын жерге сүйрер»
  • «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол»

 

Отбасы құндылығынан жоғалып бара жатқан қауіп

Бауыржан Момышұлы:

  • Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан  қорқамын;
  • Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын;
  • Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын – деген екен.

 

 Отбасы құндылығын құндақтауға қажетті ұсыныстар

  • Қазақтың отбасы құндылығын жоғарғы деңгейге көтеру үшін «отбасы клубының»  ұсыныстары:
  • Халықтың санасына, тәрбиесіне ықпалы зор телеарна арқылы отбасы құндылықтарын насихаттайтын бейнероликтер көру;
  • Отбасылық уақыттарда қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсететін отбасылық бағдарламаларды көріп, отбасылық талдау; 
  • Мектептер мен жоғары оқу орындарында отбасы құндылықтарын дәріптейтін арнайы бағдарлама түзу;
  • Ұлттық салтты, дәстүрді насихаттайтын кітапшаларды көбейту;
  • Отбасы құндылығын қолдайтын арнайы қор ашу;

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған