Жақсы істер – жанға қуат!

   2018 жылдың 16 қаңтар күні № 24 гимназия мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары әлеуметтік педагог Елеусизова М.Н. бірге «Қостанай Зоо Пульс» қоғамдық бірлестігінде қайырымдылық  акциясын өткізді. «Қостанай Зоо Пульс» қоғамдық бірлестігіне оқушыларға «қайырымдылық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатымен барған болатынбыз.

   Бұл іс-шарамыз қоғамдық адамгершілікті сақтау нормаларына және қаңғыбас жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарына негізделді. Оқушылар үйсіз қалған жануарларға тамақ апарып, өздері де жақсылық жасаудың адами қарым-қатынасын түсініп, бір қуаныш сезіміне бөленді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған