Білім беру ұйымдарында балалардың тамақтану сапасына мониторингін жүзеге асыру барысындағы іс-әрекеттер алгоритмі

Білім беру ұйымдарында балалардың тамақтану сапасына мониторингін жүзеге асыру барысындағы іс-әрекеттер алгоритмі

        Тамақтану сапасының мониторингі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың», «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінде  өткен селекторлық кеңестің 2015 жылғы 15 мамырдағы хаттамасының санитарлық ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Мониторинг мақсаттары

  1. Оқушылардың, оның ішінде оқушылардың тиісті санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтану сапасын бақылау;
  2. Оқушыларға тиімді тамақтануды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайларды жасау;
  3. Білім беру мекемесінің ас әзірлейтін блогының материалдық базасын нығайту және жаңғырту;
  4. Қызмет көрсетудің жаңа үдемелі түрлерін дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
  5. Балалар тамақтануының санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мониторинг кезеңдері

  1. Ата-ана комитетінің өкілдерін, мектеп әкімшілігін, медициналық жұмыскерді және т.б. тарта отырып, тамақтану сапасына мониторинг жасау жөніндегі комиссияны құру (комиссия мүшелерінің аты-жөні жазылған және саны анықталған тізім, бұйрықты дайындау);
  2. Комиссия жұмысының жоспарын құру;
  3. Ас әзірлейтін блокты тексеру кестесін құру және бекіту;
  4. Бақылаудың мәліметтерін тексеру журналына тіркеу;
  5. Оқушылар мен олардың ата-аналарынан мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша сұрау салуды жүргізу;
  6. Тамақтану сапасы туралы сауалнама жүргізу;
  7. Оқитын балалардың тамақтануы туралы есептер;
  8. Мониторинг нәтижелерін ата-аналар жиналысында, кеңестерінде жариялау, аумақтық білім бөлімінің сайтында орналастыру.

Нормативтік базалар:

  1. ҚР-ның « Білім заңы»  07.07 ж. және  ҚР-ның 2014ж. 27 мамырдың  №549 Үкімімен топтасқан талаптар,  бекітілген  лизенциялаудағы  білім мекемелеріне қойылатын талаптар
  2. Санитарлық ереже.ҚР-ның 2011ж.30 желтоқсаннан №1684 бекітілген Қаулысы «Білім берудегі жасөспірімдер және  балаларға,  тәрбиеленушілерге берілетін санитарлық-эпидиелогиялық талаптары.
  3. 2013 жылдың 25 желтоқсаннан ҚР-ның  Білім Министрінің бұйрығы.
  4. 2011жылдың 30 желтоқсандағы №1684 –ші пункітінің 5 пункті №118 «Ауыз суды ұйымдастыру санитарлық ережелері»
  5. 2014 ж. 3 наурыздан «Орта білім алушыларының  тамақты ұйымдастырудағы  жеткізушілер қызметінің ережелері  бекітілген №172  қаулысы
  6. 2011-2015 ж «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасы.
  7. Медециналық бөлме туралы ережесі….
  8. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы жауапты кісілерді, бақылауды іске асрудағы мемктеп ережесі.
  9. ҚР-ның 2011жылғы 16 наурыздан Денсаулық сақтау Министрлігінің « Медециналық байқаудағы алдын-алу ережелерін бекіту» бұйрығы.

          Тамақтанумен қамсыздандыратын  орындармен келісім шарттарын орындауда нормативтік базалар құжаттарына негізделеді. Мектептегі  тамақты ұйымдастыру «Сказка» Жекешелендіріген Серіктестік  Бірлестігі   жеткізеді. Осындай жолмен барлық оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған.

         Биылғы жылдың  27 ақпанынан бастап, осы «Жеткізуші»–«Сказкамен» келісімге тұрдық. Келісім шарты бойынша, 24 пунктті қамтиды. 2.4 пунктіне тоқталар болсам, «Санитарлық  ереже.ҚР-ның 2011ж.30 желтоқсаннан №1684 бекітілген Қаулысы «Білім берудегі жасөспірімдер және  балаларға , тәрбиеленушілерге берілетін санитарлық- эпидиелогиялық талаптары» сай сапалы қызмет көрсетуі болады.

         Асхана керекті  азық-түлік,  арнайы киіммен, аспазшылармен,  қажетті  құжаттармен,  қызметшілердің ережеге сай жұмысқа алу, қабылдау, шығару  міндеттері,  техникалық қызмет көрсетуі,  тексерулеруі,  өрт қауіпсіздік  ережелерінің сақталуына,  тиесілі орынды  жабдықтауға т.т. әр пункттің орындалуына  міндетті. Барлық азық-түлікке сапалық сертификаты болуы керектігіне тікелей жауапты.

         Келісім шарттың  мерзімі де  көрсетілген. Сонымен қатар « Қостанай облысы тұтынушыларды қорғау Департаментінің ,Тұтынушыларды қорғау комитетінің ҚР Ұлттық экономикалық  минитрлігінің  аймақтық жетекшісінің келісімімен және мектеп директорының   бекітуімен   сезондық  2 апталық   жаз-күз, көктем-қыс  мерзімдеріне арналған  апта  күндері бойынша ас мәзірі санитарлық бақылаушы мекемелерімен  бекітілген. Әр тамағамға технологиялық картасы болуы керек.

       Мектепте  «Тамақты ұйымдастырудың  бағдарламасы  және  жеткізушілермен  келісім шарттарының орындалуын бақылауды ұйымдастыру  іс-шараларының жоспары жасалып,  бекітілген.  Жоспарда  мерзімі, жауаптылар, қорытындысы , қаралуы  қарастырылған.

      Асханада күнделікті  ас мәзірі  тамақтың құнарлығы (каллорийность), шығуы, бағасы,массасы көрсетіледі.  №5 диеталық стол  ас мәзірі болады.