«Бастау» турнирінің 3-ші кезеңін өткізу жөніндегі ақпарат


・・・ 📚📚📚«Бастау» турнирінің 3-ші кезеңін өткізу жөніндегі ақпарат 🗓2023 жылғы 03 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңінің 3-ші туры өтті. 📝Турнирдің мақсаты математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, сондай-ақ командалық жарыс түрінде арнайы жағдай жасау болды. ✅3-ші кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинағандар: 1 лига – ФМЛ 2 лига – Ақ Нұр+, № 18 МГ 3 лига – № 24 МГ. Турнир қатысушыларын құттықтаймыз! 📚📚📚