Қысқы қауіпсіздік ережелері

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары балалардың қысқы кездегі қауіпсіздік ережелері туралы:

  • Баланы қалың киіндірмеңіз! Жеңіл де киіндірмеңіз! Киімнің қимылдауға кедергі келтірмеуі, ыңғайлы, жеңіл және жылы болуы тиіс.
  • Қысқы аяқ киім ыңғайлы болуы, оның табаны таймауы қажет, сол кезде бала қар мен мұздың үстінде аз сырғанайтын болады.
  • Бала қолғаптарын жоғалтпауы үшін оларға резеңке тағып қойыңыз.  Барлық мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың алдын алыңыз.
  • Шаңғыны саябақтарда, қаланың сыртында, қаланың автокөлік жүрмейтін жерлерінде тебу керек.
  • Конькимен арнайы жабдықталған орындарда сырғанау керек.
  • Құлап қалу мүмкін болғандықтан, балаға тығыз киім кигізіңіз. Қажет жағдайда ұстап қалу және құлатып алмау үшін баланың жанында болыңыз.
  • Шананың сынған жерлерінің болмауын тексеріңіз. Төбешіктен шанамен емес, ледянкамен сырғанаған дұрыс.
  • Көлік өтетін жерге қарай сырғанамау керек, кішкентай балаларды кішкентай, аласа қарлы төбешіктерден, адамдар аз жүретін және ағаштар өспейтін, дуалдар және басқа да кедергілер болмайтын жерлерде сырғанатқан жөн.
  • Баланың шанада ішімен жатып сырғанауына рұқсат етпеңіз, ол тісін сындырып немесе басын соғып алуы мүмкін.
  • Балаларға жолға жақын ойнауына рұқсат етпеңіз. Биік жерлерден қарға секіруге рұқсат бермеңіз. Қардың астында сынған бөтелкелер, тастар, қоқыс және т.б. болуы мүмкін.
  • Балаларға қарды, мұз кесектерін ауызға алуға болмайтынын түсіндіріңіз: оларда ауру тудыратын көзге көрінбейтін кірдің және микробтардың болуы мүмкін.
  • Балаларға мұз басқан тротуармен бүкіл табанмен басып, кішкентай қадамдармен жүруге үйретіңіз. Мүмкіндігінше, тайғақ жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.
  •   Қыста әсіресе жолды абайлап өткен дұрыс – тайғақ жолда машина тез тоқтай алмауы мүмкін.
  •   Аязды күндері балалармен бірге серуендеуді азайтыңыз немесе мүлдем тоқтатыңыз, өйткені үсіп қалу қаупі жоғары болады.
  • Балаларды қауіпсіздік ережелерін үйрету олардың көптеген қауіпті жағдайлардан аулақ болуына көмектеседі.