Басты жүлде – «Ең үздік аула» – 2023 жыл

Ескі жылдың соңғы аптасы бізге үлкен қуаныш әкелді. Былтырғы жылдан бастап , өткізілетін қала сайысы «Ең үздік мүсін» және « Ең үздік қысқы аула» қорытындысы жарияланды. Ең басты жүлде – «Ең үздік аула» болып, біздің мектебіміз танылды. Бұл еңбек -біздің «қала тұрғындарының»-олар біздің ата аналар! Сондай саналы түсіністікпен қарап, мектеп ауласын безендіруге күш салды. Қардан ойып жасаған мульфильмдер кейіпкелерін, пластикалық панельден «Аяз ата мен қарша Қызды» жасап, аулаға мерекелік, көңілді қысты «жасап берді». Ауа райының қақаған аязына қарамай, бірліктің күшін, балаларға деген махабатты, қалаға деген сүйіспеншілікті көрсетті. Аулаға кірген біздің оқушыларымызға жыл мезгілі ішіндегі- қыстың – бәрі жақсы көре бермейтін «Қыс мезгілінде» де қолдан өнер жасауға болатынын көрсетті. Бұл біздің қаламызды ,елімізді , жақсы көретін шахарымыздың , ауыз біршілігі жарасқан Қостанай қаласының №24 мектеп –гимназиясының құрметті ата аналары!
Мектеп әкімшілігі атынан алғысым шексіз, келе жатқан жыл құтты болсын! Табысты, берекелі жыл болсын!