Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар республикалық конкурсының қорытындысы

Балалардың зерттеушілік қызметі дағдыларын дамыту және кіші, орта жастағы оқушылар тұлғасының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2024 жылғы 30 қаңтар-1 ақпан арасында 2-7 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы секциялар бойынша «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өткен болатын.

Үш күн ішінде «Щучье» шипажайының базасында
екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) конкурстың 7 секциясы бойынша жобаларды қорғау өтті: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; шет тілдері; этномәдениеттану; тарих, өлкетану; технология және өнер; медицина, психология, экология.
4 “А” сынып оқушысы Шайсұлтан Сағадат жүлделі 2 орын иеленді.
Құттықтаймыз!