ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының мазмұнын талқылау үшін 2024 жылдың 13 наурызында мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізілді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының мазмұнын талқылау үшін 2024 жылдың 13 наурызында мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізілді.
Елімізде білім берудің жаңа бір бастамасы ретінде қолға алынып, жүзеге асырылғалы жатқан бағдарламасының мән-маңызы, білім берудегі басымдықтары мен жастардың рухани құндылықтарды дәріптеудегі әсері жайлы ортаға ой тасталды.
Ұлттық баяндама жобасында еліміздің барлық білім беру саясаты көрсетілген. Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, дамыту, тәрбие және білім беруге қатысты ұстанымды өзгерту, сапаны бағалау, педагогтің рөлі, ата-аналармен қарым-қатынас туралы айқын жазылған.
Бейіндік жұмыстар да назардан тыс қалдырылмады. Педагог мамандығына түсуге үміткер түлектер үшін тиімді бағдарламалар мен сабақтастық түрлері ұсынылған.
Талқылау барысында жобаның мектеп деңгейіндегі көрінісі мен болашақта жүзеге асырылуы мектеп әкімшілігімен бірге отырып талданды.