«Балалар арасындағы келіспеушіліктің себебі және  оның алдын алу жолдары

Тақырыбы: «Балалар арасындағы келіспеушіліктің себебі және  оның алдын алу жолдары. Ата-ана мен бала арасындағы келіспеушілік»

   Қазақстан – бүгінгі күні демократиясы дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап отыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсынған жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары екендігі айтылады.

Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын, мәдениетті білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті, адал азаматтарын, әрі коммуникативті қабілетті жастарды тәрбиелеу керек екендігін ескертеді. Қарым-қатынас мәдениетін игеруде кикілжің жағдайларының қазіргі таңда орын алуы өзекті мәселелердің бірі.

Келіспеушілік  жағдайдың кері жақтары:

  • Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді
  • Адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, күйзеліске ұшыратады.
  • Оқушылардың сабаққа деген ыңтасы нашарлайды.

Сондықтан, келіспеушілік – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын  психологиялық  құбылыс.

Мектептегі оқушылардың арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте  баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани,  ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым- қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан кикілжіңдерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, кикілжіңдерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу.

Келіспеушіліктің алдын алу ережелері

  • Әрқашан да өзіңізді сабырлы, сенімді ұстаңыз.
  • Кінәлі болсаңыз, кешірім сұрауға ұялмаңыз.
  • Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңызды сақтауға тырысыңыз.
  • Өзіңізді сезімге, ашуға билетпеңіз.
  • Өзіңізді тым жоғары ұстамаңыз.
  • Есіңізде сақтаңыз: «Сабыр түбі – сары алтын»
  • Ең бастысы, кез келген мәселенің шешімі табылатындығын ұмытпаңыз.

«Мектеп – бала үшін жаңа өмір»

Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

  1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын…. Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

  1. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы

Әр адамның бойында жақсы және жаман қасиеттер бар. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттер жазасыздар. 3 мин уақыт беріледі.

  1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?
  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
  3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

Сіздің бойыңыздағы қасиеттер сәйкес келе ме, жоқ па анықтау мақсатында шағын психологиялық тест жүргізіп көрейік. (ауызша тест)

Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.

  1. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған