Тренинг «Қар лақтыру»

Ой қозғау: Ата-аналар 4-топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

  1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?
  2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
  3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
  4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

 

Тест сұрақтары:

«Сіз қандай ата-анасыз?»

  1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
  2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
  5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
  7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
  8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
  10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
  11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?
  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
  13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

 

Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл
  2. Кейде ғана келісемін – 2 балл
  3. Келіспеймін —  1 балл

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 

Сергіту сәтінде   оқушылардың көңіл-күйін дамытуға  арналған психологиялық жаттығулар   /4 сынып/

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған